Бразилия президенті Мишель Темер жеңе ме, әлде, Бас прокуроры Родриго Джанот па?..

Бразилия президенті Мишель Темер жеңе ме, әлде, Бас прокуроры Родриго Джанот па?..

28-маусым. Turaninform. Бразилия билігіндегі парақорлық дауының басылар түрі байқалмайды. Енді Бразилия Бас прокуроры Родриго Джанот ел президенті Мишель Темерге қатысты Жоғарғы сотқа айыптауын өткізген. Айыптаушы тараптың М. Темер 152 мың доллар пара алды деген күдігі бар. Ал, Бразилия президенті болса, айыптауларды теріске шығарып әлек. Қызметтен кетпейтінін де мәлімдеген.

Былтыр Бразилия президенті күйінде Дилма Русеф те қызметтен күштеп тайдырылған еді. Бұл жолғы қоғамдық қысым да әжептәуір. Бразилияның қазіргі басшысы Мишель Темер неше жерден темірмін десе де, мыңдаған адамдардың наразылық күші оны үзіп та, балқытып та жіберуі мүмкін…Демек, елді тонап, тоздырғанның барлығы билікте неше жыл отырғанына қарамастан, әйтеуір бір жауап берері анық.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0