Жер жүзі елдері бойынша ЖІӨ көлемінен абсолюттік бірінші орында әлі сол АҚШ келеді. Бұл елдің экономикасы өткен жылы $29 триллионның үстіне шыққан. Халықаралық валюта қорының мәліметі осындай. Әне-міне басып озады деген Қытай ЖІӨ-і $11 триллиондай кем. Демек, жақын жылдары жете алмайтыны анық. Үшінші орындағы Германия да өзінен кейінгі Жапониядан қара үзіп барады.
Сонымен қатар, әлемдік экономиканың үштен екісі ондық елдеріне тиесілі. Ал, ТОП-10 тізімі төмендегідей:
1. АҚШ;
2. Қытай;
3. Германия;
4. Жапония;
5. Үндістан;
6. Ұлыбритания;
7. Франция;
8. Италия;
9. Канада;
10. Бразилия.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР