Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова халықты әлеуметтік қорғау жағдайы мен Үкіметтің әлеуметтік саладағы жоспарлары туралы ақпараттандырды, деп хабарлайды Вnews.kz
Светлана Жақыпованың айтуынша, Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді.
«Бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Ал келесі жылдан бастап, 460 мың мүгедек үшін жәрдемақы инфляцияға қатысты жыл сайынғы индексациядан тыс, 16%-ға өседі. Жекелеген азаматтар санатына жәрдемақыны өсіруден бөлек, әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғыртуды және де көбінесе жария айтыла қоймайтын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер, сотталып келгендер, белгілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар сынды топтармен жан-жақты жұмыс істеуді жөн көріп отырмыз», – деді вице-министр.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрап, 2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша базалық зейнетақы алушылар саны 2 116 609 адамды, ынтымақты зейнетақыны алушылар қатары 2 099 638 адамды межеледі.
Bnews.kz
Материал қысқартылды
ПІКІРЛЕР