Қазақстанда жыл басынан бері ресми дилерлер 24 221 көлік сатқан, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,75%-ға төмен, деп хабарлайды Вnews.kz.
Қазақстанның автобизнес қауымдастығы мәліметіне қарағанда, шілде айында елімізде 4270 бірлік көлік сатылған.
Қазақстандықтар маусым айында көлік сатып алуға 28,2 млрд теңге қаржы жұмсаған. Қауымдастық маусым айына қарағанда шілдедегі көрсеткіштің төмендеуін доллар бағамының артуымен және сатып алушылардың төлем қабілеттілігінің төмендеуімен байланыстырады.
7 айдың қорытындысына қарағанда, жаңа автомобиль сатып алуға $644,52 млн. жұмсалған. Сатылым көрсеткіші бойынша Toyota алдыңғы қатарда, тек шілде айында бұл маркадан 854 бірлік көлік саудаланған. Одан кейінгі орында Lada (780 бірлік), үштікті Ravon бренді «415 бірлік) қорытындылайды.
Вnews.kz.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР