Балқаш ЖЭС құрылысы мәселесі әлі шешімін таппады

Балқаш ЖЭС құрылысы мәселесі әлі шешімін таппады

Балқаш ЖЭС құрылысы мәселесі әлі шешімін таппады. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Үкіметтің баспасөз орталығындағы конференция барысында айтты, деп хабарлайды  Вnews.kz.

«Бізде Корея Республикасымен үкіметаралық келісім бар. Бұл келісім аясында Қазақстан үкіметі өзінің барлық міндеттемелерін орындады.  Жобаны Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның компаниялар консорциумы жүзеге асыруда. Олар Оңтүстік Корея тарапынан Samsung және KEPCO, ал қазақстандық тараптан – «Самұрық-Энерго». Қазіргі таңда бұл мәселе реттелмеген бірқатар мәселелердің болуына байланысты тоқтап тұр. Нақты шешім әлі қабылданбаған», – деді вице-министр.

Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, акционерлер бекіткен жарғылық капитал аясында қаржыландыру салынып жатқан нысандарының инфрақұрылымына жұмсалған.

Вnews.kz 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0