Ақтауда «Адай» жылқысын сұрыптау, асылдандыру орталығы ашылады

Ақтауда «Адай» жылқысын сұрыптау, асылдандыру орталығы ашылады

Ақтауда Орталық ипподром салынады. Онда «Адай» жылқысын сұрыптау, асылдандыру орталығы жасақталмақ. Ат бәйгесінен ТМД Кубогы мен халықаралық жарыстардың жүлдесін алатын қазақы тұқымды асылдандыру Маңғыстау облысында жолға қойылуда, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Адай» жылқысы 2014 жылы Францияда өткен бүкіләлемдік ат спорттары сайысына қатысып, екі жүзден астам мемлекеттің ішінде үздік ондыққа кірген. 120-160 шақырымға шабатын жылқы Маңғыстауда ғана мекен етеді.

«Үстіміздегі жылы Елбасының бағдарламасына орай Ұлттық спорт түрлерінің орталығы ашылады. Негізгі мақсат Адай жылқысын насихаттау. Ат жарысы олимпиадалық спорт түрі екенін ескере отырып, «Адай» жылқысын тұқымдастыруға күш саламыз», – деді Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов.

 Вnews.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0