29-тамыз. Turaninform. «Үшінші әлем елдері» деп аталатын артта қалған мемлекеттер тобына бұрынырақта Бангладеш, Чад, Ауғанстан, Нигер т.б. елдер жататын. Қазір де аталған елдер дамыған мемлекеттерге жатпайды. Дамыған елдерден әлдеқайда қашық жатыр.
Иә, алғашқыда «Үшінші әлем елдері» сөзі басқа мағынаны білдірген. Бірақ, бұл басқа әңгіме. Қозғағымыз келгені, сол Бангладеш орташа жалақы көлемінен Қазақстаннан әжептеуір алда тұр. Мәселен, бүкіл әлем елдері ішінде орташа жалақы бойынша Бангладеш ($561) 75-орында тұрса, біздің ел ($480) 86-орынға жайғасыпты.
Бангладеш секілді елді кемсіту ойымызда жоқ. Бар болғаны салыстыру үшін ғана алдық.
ПІКІРЛЕР