Бангладеш премьер-министрі шетелге қашып кетті

Бангладеш премьер-министрі шетелге қашып кетті

6-тамыз. Turaninform. Барар жер, басар тауы қалмай ашынған жастардың наразылығы салдарынан Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасин Үндістанға қашып кетті. Ол аталған мемлекетті бірнеше рет басқарған: 1996-2001жж., 2009-2024 жж. Осы жылдың басында ғана тағы бір мерзімге билікті қолға алған еді. Бангладештіктердің шыдамын тауысып, ашуын сыртқа шығарған оқиға, үкіметтің мемлекеттік қызметке тұру жүйесін теңдікке, кәсібилікке құра алмауы еді…
Өкінішке қарай, оқиға салдарынан 280 адам қаза тапқан. Мұның ішінде билік өкілдері де бар. Дегенмен ақпарат әртүрлі болуы мүмкін.
Бангладеш – жері шағын (148 460 км²), халқы тығыз (173 миллионның үстінде) орналасқан мемлекет. Кедейлері көп ел. Шамамен 18 млн жас бангладештіктер жұмыс іздеп тентіреп жүрген көрінеді. Университет бітіргендердің арасында да жұмыссыздық жоғары делінеді…
Бұл мемлекетте, ЖІӨ жан басына шаққанда, $2500 ғана. Бұл дегеніміз әлемдік орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен екенін білдіреді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0