3-қыркүйек. Turaninform. Әлемдік экономика дағдарыстан кейінгі қайта қалпына келуді де аяқтапты. Енді алға жылжи бермек. Биыл бірнеше емес, ондаған мемлекеттерде экономикалық өсім болады делінуде. Бұл туралы delo.ua The Wall Street Journal-ға сілтеме жасай отырып хабарлады.
ЖІӨ көлемі бойынша ірі, ірілеу саналатын 45 елдің бәрі биылды экономикалық өсіммен аяқтауы мүмкін екен! Мұндай синхронды өсу сирек кездеседі. Халықаралық валюта қорының болжамынша, биыл бүкіләлемдік ЖІӨ 3,5%-ға өсуі мүмкін.
ПІКІРЛЕР