25-қыркүйек. Turaninform. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының биылғы 1-қыркүйекке берген мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері қордағы жиынтық қаржы көлемі 11%-ға артқан. Енді зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,43 трлн. теңгеге жетіп отыр немесе жыл басынан бері 741 миллиардқа өсіпті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 2017-жылдың 1-қаңтары мен 31-тамыз аралығында төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 148,57 млрд. теңге (сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарды қосқанда) болған. Былтыр сондай уақытта 118,54 млрд. теңге төленіпті. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар да бар.
Әйтеуір, халықтың өз ақшасы өзіне бұйырса дейміз…
ПІКІРЛЕР