Жамбыл облысында құс фабрикасы өнімі экспортқа шығады

Жамбыл облысында құс фабрикасы өнімі экспортқа шығады

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі арқылы қаржыландырылған АӨК-гі кезекті жоба толық жобалық қуатқа шығып, өнімдерін экспорттай бастады.

Жамбыл облысындағы жылына 4000 тоннаға дейін бройлер етін өндіретін «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-нің құс фабрикасы осыдан 9 ай бұрын пайдалануға берілген болатын, қазіргі уақытта ол жеткізу географиясын кеңейту бойынша жұмыс істеуде және өндірісті әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр.

Құс шаруашылығы облыстың Байзақ ауданында орналасқан, оның жалпы құны 2 млрд.теңге, оның 1,2 млрд.теңгесі «ҚазАгро» холдингінің құрылымындағы компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырады.

Өндіріс 1978 жылы салынған, алайда 90-шы жылдардың басынан бастап жұмыс істемей тұрған ескі түйетауық өсіретін құс фабрикасының базасында құрылған.

Жобаны іске асыру барысында 16 тауық қорасына, қоймаларға, зертханаға, әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, сою және қоспажем цехтары қайта қалпына келтіріліп инкубатор үйі салынды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде нысан құрылысы  кезінде 547 млн.теңге сомасына коммуникациялық жүйелердің кеңейтілген желісі жүргізілді: су құбыры, канализация, газбен жабдықтау, электрлендіру, сондай-ақ  тазарту және су жинақтау құрылғылары тұрғызылды.

«ҚазАгро» желісі бойынша бөлінген қаражатқа сонымен бірге бройлерді еден үстінде бағу үшін жабдықтар, құс қорасына жылытқыштар,  құс қорасын басқару жүйесі, инкубациялық және тоңазытқыш жабдықтары, қоспажем өндірісіне қажет жабдықтар, сою желісі сатып алынды.

«Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісованың айтуынша, кәсіпорын «Халал» стандарты бойынша жоғары сапалы құс етінің өндірісін жөнге қойды және жылдың басынан бастап 3 мың тоннадан астам өнім шығарды.  Алғашқы экспорттық партия көрші Ресейге жөнелтілді. Басқа елдерге де экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша келіссөздер жүргізілуде.  Құс фабрикасының басшысы атап өткендей, ет өнімі Қазақстанның барлық аймақтарына жөнелтіледі.  Алдағы уақытта «ҚазАгро» холдингінің қолдауымен кәсіпорынның қуатын 20 мың тоннаға дейін жеткізу жоспары бар. Құс шаруашылығы кешені өз өңірінде 40 сауда орындарына дейін ашады, ондағы өнімдер өндірушінің бағасы бойынша делдалсыз іске асырылатын болады.

Қазақстанның құс шаруашылығы саласында 2010 жылдан бастап отандық құс фабрикаларының  өндіріс көлемінің өсімі  136,4 пайызды құрағанын атап өту қажет. Сала дамуының оң динамикасына «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық жобаларды қаржылай қолдауы ықпал етті. Бүгінде Қазақстандағы өндірістік құс шаруашылығы мал шаруашылығының аса дамыған саласының бірі болып табылады.

Жалпы, бүгінгі күнгі Қазақстанның АӨК-де «ҚазАгро» ұлттық холдингімен ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының құрылысымен байланысты 24 жоба қаржыландырылды. Олардың жиынтық өнімділігі – 104,4 мың тонна құс еті және  880,1 млн. жұмыртқа.  Қаржыландырудың жалпы сомасы – 47,1 млрд. теңге. Саладағы инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты холдингтің бағдарламаларының негізгі әкімшісі  – «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Жалпы, 2017 жылғы қыркүйек жағдайында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы құны 347,3 млрд.теңгенің 539 жобасы бар.  Барлығы 510 жоба пайдалануға берілді, жалпы құны 311 млрд.теңге, соның ішінде 2017 жылы  – құны 12,2 млрд.теңгенің  11 инвестициялық жобасы да бар.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі         

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0