3-қазан. Turaninform. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы қырғыннан 59 адам мерт болған! 527 адам жараланыпты. Бұл АҚШ тарихындағы ең қанды қырғын саналады.
“Route 91 Harvest” фестиваліне 20 мыңнан аса көрермен келген. Соларға қарата “Mandalay Bay” қонақүйінің 32-қабатынан 64 жастағы Стивен Паддок оқ жаудырған. Соңында ол өзін-өзі өлтіріпті. BBC таратқан ақпаратқа қарағанда, қандықол Стивен орналасқан қонақүйдегі бөлмеден 23 қару табылған. Ал, үйін тінту кезінде, 19 қару-жарақ, мыңдаған оқдәрі, жарылғыш зат т.б. шығыпты!
ПІКІРЛЕР