Ардагерлерді ардақтау – құрметті іс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Жаратылыстану факультеті Б-16-3, Б-17-3 оқу топтары студенттерінің ұйымдастыруымен 1-қазан қарттар күніне орай Қызылорда қаласындағы Қарттар үйінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты іс-шара өтті. Шараға топ тәлімгерлері А. Берденқұлова А, Г. Байзулдаева қатысты.
Ардагерлерді ардақтау – құрметті іс. Қазақ халқы үлкенді құрметтеп, кішіні аялай білетін халық екені белгілі. Басты мақсат сол салт-дәстүрді осы күнге дейін жеткізіп келген қарттарымызға қуаныш сыйлау болды. Қарттарға құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың басты міндеттерінің бірі.

Әсіресе, жалғызбасты әже мен аталардың қал-ахуалын біліп, денсаулығын сұрап тұрудың артықтығы болмайды. Сол арқылы қарияның көңілі көтеріледі, қуанады. Ол жайында халқымыз: «Қартайғанда бір бала», – деп жатады. Сол себепті кінәмшіл жасқа жеткен қарияны құрметтеген жөн.

Мерекеде ақ тілектер мен құттықтаулар айтылып, студенттер мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Қариялар кеште би билеп, көңілдері бір марқайып қалды. Қарияларымыздың көңілін көтеріп, керемет кеш ұйымдастырған Жаратылыстану факультетінің студенттеріне Қарттар үйінің ұжымы өз алғыстарын білдіріп, қарттар ақ батасын берді.
Студенттер тарапынан қарттарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар тапсырды.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0