Бір жылы 9,9 күн болатын экзопланета табылды

Бір жылы 9,9 күн болатын экзопланета табылды

17-қараша. Turaninform. Еуропаның оңтүстік обсерваториясының астрономдары Ross 128 деп аталатын қызыл ергежейлі жұлдыздың шағын экзопланетасы барын анықтады. «Ross 128 b» деген шартты атау алған экзопланетада тіршіліктің бар­-жоғы әзір белгісіз. Бірақ, ғалымдар экзопланетаның бетіндегі температура Цельсий бойынша -60°-тан +20°-ға дейінгі аралықта деген болжам жасап отыр. Ross 128 b-ның бір жылы Күн мен Жер қатынасы бойынша есептесек, 9, 9 күн-ақ екен.

Жұлдыз Күн жүйесінен 11 жарық жылы болатын қашықтықта орналасқан. Бұл ғарыштық өлшемде аздау көрінгенімен біз үшін тым алыс…

 Фото 24tv.ua-дан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0