800 миллиондай адам жұмыссыз қалуы мүмкін

4-желтоқсан. Turaninform. Автоматтандырудың арта түсуі салдарынан 2030-жылға таяу 800 миллиондай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Аз дегеннің өзінде 400 млн адам жаңа жұмыс іздеп кетуі мүмкін көрінеді. Бұл туралы McKinsey & Co компаниясының сарапшылары мәлімдеген.

Техникалық дами түсудің, автоматтандырудың салдарынан туындайтын жүзмиллиондаған жұмыссыздық немесе жұмыс орнының қысқаруы – барлық дерлік елдерді қамтитын болады делінуде. Дегенмен, автоматтандыру алдағы уақытта әлемдік экономиканың өсуіне өзіндік үлес қосуы мүмкін. JPMorgan банкінің сарапшылары: автоматтандыру алдағы 10-15 жылда әлемдік ЖІӨ­-ді $1,1 триллионға арттырады деп болжауда.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0