Қазақстанда су ресурстарын бағалаудың Халықаралық орталығы ашылды

«Хилтон» қонақ үйінде Қазақстандағы су саясатының ұлттық саяси диалогы туралы кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, трансшекаралық су туралы конвенцияның хатшылығының басшысы Франческа Бернардини, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Отырыста Орталық Азия елдерінің трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстанда су ресурстарын бағалау бойынша халықаралық орталығының ашылуы талқыланды.

Кеңесте Орталық Азиядағы су саясаты саласындағы өңірлік диалог туралы жаңа бастама қарастырылды, ол 2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенциясының Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына ұсынылатын болады.

Астанадағы офистің ашылуы өңірлік диалогтың тиімділігін арттыруға және су проблемалары бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша тағы бір қадам болды. Орталықтың Қазақстандағы қызметі өңірлік және жаһандық су проблемалары бойынша халықаралық ғылыми орталыққа айналуға мүмкіндік береді және әлемдік қауымдастыққа өз үлесін қосады, деп атап өтті Министрлік өкілдері өз сөзінде.

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

mcx.gov@gmail.com

 Ескерту: материал қысқартылды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0