Бүгін 12 қаңтар күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.М.Қонаевтың 106 жылдық мерейтойына орай іс-шара өтті. Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің мемлекеттік және саяси өмірінің ең биік шыңында болды. Дінмұхаммед Меңдіахметұлының Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Соған орай ұйымдастырылған арнайы бағдарламада:
- Д.А.Қонаев бюстіне 106 шоқ гүл қою;
2. Шар ұшыру;
3. Музейге келген қонақтарға экскурсия жүргізілді.
Сағат 12.00-13.00 аралығында кинозалда Д.М.Қонаевтың өмірі және еңбек жолы жайында фильм көрсетілді.
Іс-шара қонақтары: қала және аудан әкімдігі, Д.М.Қонаевтың қызметтестері, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері, қаланың құрметті тұрғындары, Алматы қаласы БАҚ өкілдері және қала тұрғындары.
Ұйымдастырушылар: Д.М.Қонаев музейі
ПІКІРЛЕР