13-мамыр. Turaninform. Уэльс компаниясы Riversimple сутегімен жүретін жеңіл автокөліктің жобасын жасап шығарды. Rasa деп аталған сутегімен жүретін жаңа автокөлік 2020-жылдан кешіктірілмей өндіріске жіберілмек. Riversimple компаниясының мәлімдеуінше, 1,5 кг сутегімен 480 шақырым жүруге болатын жаңа автокөлік Rasa – электромобильмен сынға түсуге әбден лайық.
580 кг тартатын жеңіл автокөліктің кескінін жасаған Крис Рейтц. Ол – Fiat 500дің авторы.
ПІКІРЛЕР