Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қандай келісім жасасты?..

12-маусым. Turaninform. Бүгін АҚШ және КХДР басшылары алғаш рет кездесті. Сингапурда кездескен екі елдің басшылары маңызды келісімдерге қол қойған. Мысалы, негізгілері төмендегідей:

  • Екі елдің бейбітшілік пен гүлденген өмірге ұмтылуына орай, Америка Құрама Штаттары және КХДР өзара жаңа қарым-қатынас орнату міндетін алады;
  • АҚШ және КХДР Корея түбегінде ұзақ және тұрақты бейбіт тіршілік орнату бағытында күш біріктіреді;
  • 2018-жылдың 27-сәуірінде өткен саммит кезінде КХДР және Оңтүстік Корея басшыларының қол қойған Панмунджони Декларациясына сәйкес, КХДР Корея түбегін атом қаруынан толық тазарту үшін күш салуға міндеттеледі.
  • АҚШ және КХДР әскери тұтқындарды босатады. Дәлірегі, кімдердің аты анықталды, соларды жедел түрде Отанына қайтаруға тиісті.

Екі ел басшылары да кездесудің нәтижелі болғанын баса айтты. Бейбіт саясатқа бұрылу байқалды.

АҚШ және КХДР басшыларының кездесуі – үлкен тарихи оқиға. Бұл уақытқа дейін екі ел, ондаған жылдар бойы ашық соғыстан басқа саяси қайшылықтардың талайынан өтті. Бейбіт те бақытты өмір – адам баласы үшін қашанда маңызды…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0