60 жас және одан асатындардың саны екі еседен артық көбеймек

60 жас және одан асатындардың саны екі еседен артық көбеймек

15-маусым. Turaninform. 1995-жылы әлем бойынша 60 жас және одан асатындардың саны 542 миллион адам болған екен. 2025-жылға қарай, сол шамадағы адамдардың саны екі еседен артық көбейіп, 1,2 миллиардтай болуы мүмкін.

Барлық дерлік мемлекеттерде, әсіресе, дамушы елдерде 2015–2030 жылдар аралығында жасы үлкен кісілердің көбеюі айқын байқалмақ. Бұл туралы БҰҰ сайты хабарлады. Десе де, жастары көп Африканың, Азияның кей елдерінде 2030-жылға қарай да 60 жас және одан асатындардың санының артуы айқын байқала қоймайтындай.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0