XXV Дүниежүзілік тау­-кен конгресінің қорытындысы бойынша коммюнике қабылданды

Қазақстан астанасына 20 жыл толуының қарсаңында Астана қаласында мерейлі XXV Дүниежүзілік тау-кен конгресі өзінің жұмысын аяқтады, ол 2018 жылғы 17-22 маусымда «Инновациялық басымдылық – әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсуі жолында алға батыл қадам» тақырыбында өтті.

ТМД аумағында алғаш өтіп отырған тау-кен металлургия индустриясының негізгі ауқымды оқиғасына әлемнің 50 елінің ішінен 1047 компания, 2389 делегат, олардың қатарында үкімет мүшелері, ғылым қайраткерлері, тау-кен өндіру кәсіпорындарының басшылары, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Ірі салалық оқиғаның ұйымдастырушысы – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы.

Құрылғанына 60 жыл болған – Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі әлемдегі тау-кен металлургия кешені үшін басты халықаралық оқиға болды. Саланы дамыту міндетінің кең спектрі бойынша кәсіби пікір алмасу үшін сұранысқа ие алаң ретінде нақты бекітілгенін – Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек атап айтты. Біз үшін бұл Конгресс ерекше маңызды және оны өткізу құқығы осы жылы жиырма жыл толған біздің жас астанаға берілуі үлкен құрмет.

Профилді ведомство басшысы Қазақстан отандық тау-кен металлургия кешенін жаңғырту бойынша айтарлықтай күш салып жатқанын екенін атап өтті. Республика Үкіметі саланың алдыңғы қатарлы әлемдік компанияларын елге инвестиция әкелуге тарту арқылы саланы дамытуда, сондай-ақ «Индустрия 4.0» шешімін енгізуде нақты тапсырма берді.

Конгрестің үш күні де тау-кен индустриясы кәсіпқойлары үшін тартымды және қызықты болды. Әлемнің тау-кен өндіру саласындағы көшбасшылары тәжірибелерімен алмасты, байланыс орнатты, өндіріске инновациялық шешімдерді енгізу ажырамас бөлігі болып табылатын ТМК дамытудың стратегиялық бағытын айқындады.

Астанада конгресті ұйымдастыру жоғары деңгейде өткенін және жұмыс бағдарламасының тартымды болғанын Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы Марек Цаль айрықша атап өтті.

Конгресс қортындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті» жоғары кәсіби білім беру Федералдық мемлекеттік автономдық шолу мекемесі арасында, Cadelko чили компаниясы мен «Казгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ арасында,«Парк инновационных технологий» Автономды кластерлік қор мен MetalysisLimited британ компаниясы арасында, сондай-ақ IntelliSense LAB Технологиялық даму орталығы мен «АК Алтыналмас» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Конгрестің басқа да маңызды нәтижесі қортынды коммюникенің қабылдануы болды, оған Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы Марек Цаль, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец қол қойды.

Коммюникеде Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібінің әлеуетіне және оның заманауи кезеңдегі жетістіктеріне жоғары баға берілді, – бұл туралы Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты.

Қауымдастық басшысының сөзінше, тәуелсіз, саланың объективті, кешенді шолуы – «Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторы туралы баяндаманы» оқыған WoodMackenzie LTD алдыңғы қатарлы хылықаралық компнаия Қазақстанның салалық және салық заңнамасын реформалаудаға және тау-кен металлургия кешеніндегі инвестициялық климатты жақсартудағы прогрессін атап айтты.

Бұл баға тұрақты және айқын инвестициялық климатты құруға бағытталған, республикада жер қойнауы саласындағы реформаның кезең-кезеңмен жүргізілуіне негізделген. Жер қойнауын пайдалануды құқықтық қамтамасыз етудегі түбегейлі өзгеріс өткен жылдың соңында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің, жаңа Салық кодексін және жер қойнауын пайдалану және тау-кен өндіру саласын дамытуды ынталандыру үшін тұрақты жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануымен байланысты.

Тәуелсіз халықаралық сарапшылар заңнамалық трансформация әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстанды неғұрлым ашық және айқын ететінін мойындауда, халықаралық стандарттарды енгізу біздің еліміздің елеулі түрде алға жылжуына мүмкіндік беретінін – Н. Радостовец атап өтті. Сондықтан біз Үкімет деңгейінде «Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторы туралы баяндаманы» талқылауды ұсынамыз.

Қортынды коммюникеде тау-кен металлургия өндірісінде экологиялық құрамдауышты ұлғайту қажеттілігі және осы тұрғыда ЭЫДҰ мүше елдердің озық тәжірибелеріне сәйкес экономикалық ынталандыру инструменттерін қолдану жөнінде айтылады. Бұл бағытта тау-кен өндіру кәсіпорны бір орында тұрған жоқ. Ағымдағы жылы Қазақстанда жаңа Экология кодексін әзірлеу басталды, ол осы саладағы реттеу тәсілдерін түбегейлі өзгертуді және елді ЭЫДҰ стандарттарына жақындатуды көздейді.

Біз экология тәсілдеріне қатысты Дүниежүзілік тау-кен конгресіне қатысушы халықаралық сарапшылармен, оның ішінде экологиялық төлемдерді нысаналы пайдалану принципін қайта қарау қажеттілігі,техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу, елде қоршаған ортаны ластанудан келтірілген залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісін қолдану және басқа да қордаланған мәселелер бойынша ортақ мүддеде екенімізді Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының басшысы атап айтты.

Конгреске қатысушылар қортынды құжатта бірқатар басқа да ұстанымдар бойынша, көмір саласындағы стратегиялық маңыздылықты және оның әлеуметтік рөлінің маңыздылығын атай отырып; кейін шахта метанын кәдеге жарату немесе оны пайдаланудатиімді газсыздандырудың үздік практикасын енгізудің қажеттілігі; ТМК кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы және осы салада алдыңғы қатарлы тәжірибелермен алмасудың қажеттілігі; сондай-ақ компьютерлік сауаттылық саласындағы біліммен және бағдарлама жасай білу, қазіргі заманда тек цифрлауды және Индустрия 4.0. элементтерін енгізу арқылы ғана ТМК тиімді дамытуға болатынын мойындай отырып, ТМК үшін кадрлар даярлау қажеттілігі жөніндегі бірыңғай пікірін білдірді.

Конгрес соңында 2021 жылы Брисбен қаласында (Аустралия) келесі ауқымды іс-шараны өткізу құқығы берілетін, Дүниежүзілік тау-кен конгресінің  символы – «май шамды» берудің ресми рәсімі болды.

 mid.gov.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0