Маңғыстаулық шенеуніктер жауапқа тартылды

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Г.Досатовқа, бөлім басшылары А.Жумашевке, А.Сейджановаға «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдану жөнінде бірауыздан дауыс берді.

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен жүргізілген тергеп-тексеру барысында төмендегідей мән-жайлар анықталды.

Атап айтқанда, 16.03.2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің интернет – ресурсында Инспекцияның Түпқараған аудандық инспекциясының жетекші маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына      (С-О-6 санаты) орналасу үшін өткізілген жалпы конкурс жарияланып, оған 3 үміткер құжат тапсырған.

Тексеру барысында, конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушы үміткерлер Н.Иргизбаев, А.Дүйсенбаев, Р.Сутубаевтың ұсынған құжаттары және мемлекеттік әкімшілік лауазымға қойылған біліктілік талаптарының сәйкестігі қаралып, әңгімелесуге жіберу туралы бірауыздан шешім қабылданған.

Бұл ретте, үміткер Н.Иргизбаевтың заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификатының құқық қорғау қызметінің санаттарына ғана жарамды екені ескерілмей, яғни, конкурстық комиссия мүшелері құжаттарды қарау кезінде «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидасының 79-тармағында көрсетілген, «құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады» деген талабының бұзылуына әкелген.

Кандидаттармен жүргізілген әңгімелесуден кейін үміткер Н.Иргизбаев конкурс комиссиясының оң шешімін алып, Түпқараған аудандық инспекциясының жетекші маманының міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалған.

Бұл өз кезегінде, Түпқараған аудандық инспекциясының жетекші маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (С-О-6 санаты) өткізілген жалпы конкурсының іріктеу рәсімдерінде Қағида талаптары өрескел бұзылған сондай-ақ, конкурстық комиссиямен Н.Иргизбаевқа қатысты қабылдаған хаттамалық шешімдерінің барлығы заңсыз болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қөимыл агенттігінің 

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0