9-тамыз. Turaninform. АҚШ генералы Джон Хайтен өз елі гипердыбысты қару жасауды жеделдетуі керек деп санайды. Қауіп қайдан екен? Ресей мен Қытайдан.
АҚШ генералы былай дейді: Путин наурызда өткен баспасөз-конференциясында, дəл сайлаудың алдында гипердыбысты қару, ядролық торпедо, ядролық қанатты зымырандар туралы сөз сөйледі. Бірақ, сіз білесіз бе, ол сүңгуір қайықтың қайда орналасқанын, зымыран ұшыратын 400 алаңның (АҚШ) қалай істен шығару жолын білмейді. Сондықтан да біздің тойтарыс беру мүмкіндігімізге күмəн болмасын. Біздікінің баламасы жоқ. Қатер төнсе, басым күш бізде. Қандай болмасын қауіпке жауап береміз.
Ол Ресеймен қоса, Қытайды да АҚШ-тың досы емес дейді. Себебі, екі ел де гипердыбысты қару жасауда. Әдетте, гипердыбысты қару деп дыбыс жылдамдығынан кемі бес есе жоғарыны айтады. Ал, бұл жылдамдықтағы қару АҚШ-тың əуе шекарасын бұза алады екен…
ПІКІРЛЕР