Бүгін, 28 қыркүйек күні AstanaMediaWeek аясында екінші Astana Digital Forum өтті. Digital Forum алаңы интернет-бизнестің дамуы, кәсіпкерлер мен маркетологтар, онлайн ақпарат құралдарының қарым-қатынасы, тағы да осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланатын халықаралық жоба.
Биылғы форумның басты тақырыбы “Іскер ортаның мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері”. Онда digital-мамандар, бренд-менеджерлер, онлайн кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және мемлекеттік орган қызметкерлері сандық медиа дәуірінің жаңалықтарымен бөлісіп, келелі мәселелерін талқыланды.
AstanaDigitalForum қатысушылары күні бойы 20 спикердің жеке тәжірибелерімен танысып, интернет маркетинг саласындағы тың кейстермен танысты, бір-бірімен араласып, digital ілгерілету құралдарын көрді.
«Бүгінде нарықтың белсенді қатысушылары жаңа digital-тренд жақсы біледі, олардың қалыптасуына ықпал етіп, өмірімізге бейімдейді. Біз тек бұл процесстерді қоштап, қажеті болса қолдау білдіреміз. Меніңше, заманауи масс-медиа дәстүрлі және қазір атап жүрген жаңа ақпарат құралдарын біріктіру қажет», – деді форумның ашылуында ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Нұргүл Мауберлинова.
Сонымен қатар, сандық ақпарат құралдары заманындағы конвергенттік журналистика туралы баяндамасында Виктор Елисеев “Соңғы 20 жылда ақпарат қолжетімділігі айтарлықтай өсті. Әлбетте, дәстүрлі теледидар ауқымы кең болғанымен, интернет жастар үшін басты ақпарат көзі”, – деді. Оның пікірінше, бүгінде ұғым мен түсінудің орнын клиптық ой–өріс басып келеді. Егер, аға ұрпаққа бір мәселені түсіну үшін көлемі үлкен мақала оқуы керек болса, қазіргі заман жастары оқуды ұмытқан. Әріптердің басын біріктіргенмен, уақытын барынша үнемдейді. Сондықтан бейне форматы ақпарат жеткізудің барынша танымал құралы”.
Форум спикерлері: Нұргүл Мауберлинова – ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі; Артем Борисов – «Яндекс Казахстан» ЖШС директоры; Виктор Елисеев – СЕО SelectCommunicationGroup; Александр Евсюков – CEO OmegaSystems; Әсет Ахметов – «Көркем телеком» ЖШС директор; Олжас Сартаев – «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы; Андрей Смоляков – «Кликабилие» digital-агентстігінің негізін қалаушылардың бірі; Дулат Бижанов – DecodeGroup бас директоры; Антон Ким – ForteBank маркетинг бойынша директоры; Марат Мазитов – «Казпочта» АҚ PR және жарнама бағытының жетекшісі; Канат Сахариянов – AtamekenBusinessChannel бас директоры; Михаил Дорофеев – informburo.kz бас редакторы; Павел Коктышев – «Зерде» Ақпараттық коммуникациялық холдинг” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және т.б.
Жоба ұйымдастырушылары – SelectCommunicationGroup мен «Қазмедиаорталығы». Серіктестер – «ForteBank» АҚ, «Одноклассники» әлеуметтік ойын-сауық желісі мен «Kcell» АҚ.
ПІКІРЛЕР