Бау-бақшамыз түгел жиналып, қырман басы тазаланатын кез – күз. Табиғат ананың керемет кейіпке енетін кезін, сары алтындай күз мезгілін бүлдіршіндеріміз де асыға күтетіні рас. Бүгін Астана қаласындағы 87 “Қадыр” балабақшасының сүйкімді балапандары “Алтын күз” мерекелік шарасын өткізді. Саxнада әдемі өнер көрсеткен “Күншуақ” тобы көңілімізден шықты. Балақайлар мерекеліе кешке барын салып дайындалыпты. Саxналық киімдері де ерекше. Осы орайда ұстаздарының, ата-аналарының еңбегін айтпай кетуге болмайды. Ата-аналар мен балалар біріге отырып шемішкеден, жеміс-жидектен кірпі, картоптан құмырсқа жасап, жиналғандарды өнерімен тәнті етті. Жас ұрпаққа осы бастан Отансүйгіштікке, патриотизмге, қоршаған ортамызды аялауға тәрбиелеп, адамгершілікке баулып жүрген ” Күншуақ” тобының жетекшісі, ұстазы Үрзада Оспанқызына үлкен алғыс білдіреміз. Болашағынан үлкен үміт күтіп отырған бүлдіршіндеріңіз сенімізді ақтап, биіктерді бағындыратын азамат болып өссін деп тілейміз. Ел игілігі жолында жасап жатқан ерен еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Астыққа бай алтын күзіміз берекелі болсын, ағайын!
Бағдагүл Рахметқызы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі
ПІКІРЛЕР