17-қаңтар. Turaninform. Еуропада былтыр 15,6 млн автокөлік сатылыпты. Бұл 2017-жылмен салыстырғанда 0,04%-ға аз. Автокөлік өндірушілердің Еуропалық қауымдастығының мәліметіне қарағанда, бұл соңғы 5 жыл бойынша, бірінші рет болып отырған төмен көрсеткіш екен.
Есепке Еуроодақ (Мальтаны қоспағанда), Исландия, Швейцария, Норвегия – Еуропаның 30 елі алынған. Осылардың ішінде, салыстырмалы түрде алғанда, әсіресе, Ұлыбритания мен Швецияда сатылым айтарлықтай төмендепті.
ПІКІРЛЕР