27-ақпан. Turaninform. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев көпбалалы отбасыларға көмекті күшейту керек деді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде айтты.
Мемлекет басшысы: “Бірақ, әр отбасының кірісі әртүрлі. Біреуінікі аз, біреуінікі орташа, енді бірінікі көп. Осыны ескеру керек. Миллионерлерге мемлекеттен қосымша көмек көрсетіп не керек. Мемлекет, ең алдымен табысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуі тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы баласы бар отбасыларды қолдау үшін көпбалалы отбасыларда әр балаға ең төменгі төлемді 21 мың теңге шамасында бекітуді тапсырамын”, – деді.
ПІКІРЛЕР