28-қаңтар. Turaninform. Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, ҚР президенті Қ. Тоқаев ел аузында жүрген “Штрафстан” туралы да айтты. Оның сөзінше, заң мен тәртіп қоғамдық санаға әбден сіңуі тиіс. Әрі күштемей тәртіпті болу да мүмкін емес көрінеді.
Сондай-ақ, Президент мемлекет тарапынан қабылданған заңды тәртіп – келемеждеуге, елді таңбалауға (Штрафстан меңзелсе керек) әкелмеуі тиіс деді. Осылайша, кей шоу-бизнес өкілдері, депутаттар Қазақстанның абырой-беделіне нұқсан келтіруде дегенді қоса кетті. Оның ойынша, бұл басқа сыймайтын нәрсе.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР