Қарағанды және Ақмола облыстарында жүзден астам киік атқан браконьерлер ұсталды

Қарағанды және Ақмола облыстарында жүзден астам киік атқан браконьерлер ұсталды

17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам өлі киік табылды.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәжірибелі полиция қызметкерлері мен кинологтардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкрелері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде Ауылшаруашылық министрлігінің «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторын ұстады.

Күдіктілерге қатысты сот шешімімен «қамауда ұстау» жазасы қолданылды. Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ киік мүйіздері алынды.

Тергеу жалғастырылуда.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0