Болашақ мемлекеттік қызметкерге қажетті дағдылар

Болашақ мемлекеттік қызметкерге қажетті дағдылар

Соңғы кездегі орын алып отырған мәселелердің бірі – ел және оның өңірлерінің экономикасы, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқару, мемлекет пен оның аумақтық құрылымдарын басқару саласында толыққанды, сапалы жоғары базалық білім мен кәсіби құзыреттілік алу болып табылады.

Мемлекеттік қызметкер үшін маңызды қажетті дағдылар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. Көпшілік алдында сөз сөйлеулер. Көрермен алдында анық, әдемі, сенімді сөйлей білу, аудиториямен көзбен шолып және эмоционалды байланыс орнату жұмыс кеңестері үшін де, кәсіби конференцияларда сөз сөйлеу үшін де, адамдармен қарым-қатынас жасау үшін де қажет. Көпшілік алдында дұрыс сөз сөйлеудің маңызды бөлігі – дұрыс форматты таңдау және сапалы дайындықпен анықталады.

Сөздер қысқа, анық және шындыққа негізделуі тиіс. Қазіргі кезде іс-шаралар форматы өзгеруде, президиумнан айтылатын монологтар емес, «сұрақ-жауап» стиліндегі диалогтар форматына көшу айқындалған. Көпшілік алдында сөйлеуді үйрену – табысқа және тиімділікке ұмтылатын әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке күнделігіндегі міндетті мақсат.

  1. Әлеуметтік желілердегі белсенділік. Мемлекеттік қызметкер әрдайым әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет этиканының тасымалдаушысы екенін ұмытпауы қажет. Сондықтан әр түрлі саяси мәселелер бойынша тым «еркін» пікірлерді қызу талқылауды болдырмау керек.
  2. Шет тілдерін білу. Ағылшын тілін еркін меңгеру – қазіргі заман талабына сай міндетті дағды болып табылады. Біріншіден, ағылшын тілін білмей шетелдік инвесторлар мен мамандармен, сондай-ақ басқа елдердің әріптестерімен қарым-қатынас жасауды көздейтін көптеген мемлекеттік органдарда жұмыс істеу қиын. Екіншіден, ағылшын тілін меңгеру ақпараттың үлкен көлеміне: әлі аударылмаған басқару жөніндегі кітаптарға; жетекші әлемдік университеттер сайттарындағы үздік профессорлардың тегін дәрістері мен семинарларына; сапалы экономикалық және саяси талдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  3. Интернетпен жұмыс. Тиімді қызметкер үшін нетворкинг – іскерлік байланыстарды орнату және қолдау дағдылары өте маңызды. Басқа мемлекеттік органдардағы қызметшілермен қарым-қатынас этикасы мен саналы және дәйекті қарым-қатынас құру маңызды.
  4. Үздіксіз оқу. Мемлекеттік қызметкерлер үнемі аттестаттаудан өтеді,оның барысында арнайы комиссия атқаратын лауазымдағы жұмыстың нәтижелілігін, заңнаманы бұзудың және т. б. болмауын бағалайды. Сондай-ақ, тиімді мемлекеттік қызметкер іскерлік әдебиеттерге үнемі қызығып, оқытудың заманауи құралдарын пайдалана білуі тиіс.

Тек осылай ғана мемлекеттік қызметкер өз жолын мансаптық сатымен жалғастыра алады.

Аманчаева Куралай Ракатқызы, Yessenov университеті «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0