Арал ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

Арал ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

Қызылорда облысының прокуратурасымен ұйымдастырылған «Заң керуені» акциясы өз жұмысын Арал ауданында жалғастырды. Аудан көлемінде Арал қаласы мен Сексеуіл және Жақсықылыш кенттерінен бөлек 20-дан астам елді-мекен бар.

Акция аясында прокурорлар елдімекендердің шалғай орналасқанына қарамастан барлық ауылдарға барып, халықпен кездесіп, сауалдарын тыңдады.

Нәтижесінде 100-ден астам мәселе көтеріліп, тұрғындардың арыз-шағымдары қабылданды.

Халық ортасында көтерілген негізгі проблемалар: ауыз су, мал ұрлығы, жарамсыз жолдар, аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көлік, интернет, жол белгілерін қою, дәрігерлердің жетіспеуі, жедел жәрдем көлігінің болмауы және тағы басқалар.

Мысалы,Жақсықылыш кентінде орналасқан «Арал Тұз» АҚ-ның полиэтилен пакетін шығаратын цехтың құрамында химиялық қосындылары бар суы елді мекеннің жанына төгілуде.

Бұдан бөлек «Арал Тұз» зауытына жүк тиеуге келген темір жол вагондарыЖақсықылышауылының ортасына тоқтап, мектепке қатынайтын оқушы балалар вагондардың астынан өтуге мәжбүр.

Сондай-ақ, күнделікті жайылымға шығатын малдарды ауылдың келесі бетіне өткізу үшін вагон құрамын толық айналып өтуге тура келуде.

Бұл жағдайға алаңдаушылық танытқан ауыл тұрғындары «темір жол өткелін салып берсе» – деген өтініштерін білдірген.

Тұрғындар тарапынан қоғамдық ортаның және адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін полиция қызметкерлерінің қызметіне қатысты айтылған шағымдар көп. Мәселен, Аманөткел ауылының учаскелік полиция инспекторының жұмысына ауыл халқының көңілі толмайды, тиісті шара көруді сұрайды.

«Заң керуені» акциясы кезінде прокуратура қызметкерлерімен анықталған барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Облыстық прокуратурамен жалпы аудан бойынша қалыптасқан проблемалық мәселелер тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімдігіне және тиісті департаменттерге хат жолданып, бақылауға алынды.

 Қызылорда облысының прокуратурасы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0