Қызылорда қаласында қаржы пирамидасын құрып, 350-ге жуық азаматтың ақшасын заңсыз иемденген алаяқ құрықталды. Қала тұрғыны «А» есімді азаматша«WhatsApp»мессенджері арқылы «АйлунаГолд» деген атаумен бірнеше топ ашып, қысқа мерзімде аз ақша салып қомақты қаржы табуға болатыны туралыжалған жарнама таратады. Жарнамада бар-жоғы 5-8 күн аралығында салған ақшаларының үстінен 60% үстемақы алып отыратыны айтылған.
Нәтижесінде, 2 айдың ішінде оңай олжадан дәмелі 345 азамат 534 млн. теңгеден астам қаржыны «А» есімді азаматшаның«QiwiКошелек» электрондық төлем жүйесіне және «KaspiGold» банкомат картасына аударып берген.
Аталған фактібойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен (қаржылық пирамида құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.
Осындай жағдайларды ескере отырып Қызылорда облысының прокуратурасы оңай жолмен олжа табамын деп, алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға шақырады.
Қызылорда облысының прокуратурасы
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР