Ұлыбританияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Карен Пирстің Шыңжаңдағы саяси қысымға басымдық бере отырып, “23 елден құралған топтың” атынан жасаған мәлімдемесінде Қытай тарапын халықаралық міндеттемелерін сақтауға шақырды. Қолдаған 23 ел – Албания, Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Исландия, Ирландия, Жапония, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания. Бір мұсылман мемлекеті жоқ. Бұл кей мұсылман елдерінің экономикалық кіріптарлығын былай қойғанда, саяси демократиясының дамымағандығының, тіпті кейбірінде жоқ екендігінің көрінісі болса керек. Түркі елдері деп бөлмей, тұтастай мұсылман мемлекеттері ретінде қарағанның өзінде ықпалды саясаткерлерінің ислами жағынан да әлсіздігінің бір бейнесі.
Демократиясы дамыған елдердің талап етуімен ұйғыры, қазағы, қырғызы бар “Қайта оқыту орталықтары” жабылса, әрі қарай Шыңжаңдағы саяси қысым төмендесе немесе жойылса мұсылман мемлекеттері үшін ұят көрініс…
Құрманғали Нұрғали, саясаттанушы
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР