Қазақстан БАҚ еркіндігі бойынша Ресейден кейін тұр

Қазақстан БАҚ еркіндігі бойынша Ресейден кейін тұр

World Press Freedom тізіміне сәйкес, әлем елдері ішінде Қазақстан БАҚ еркіндігі бойынша 157-орында тұр. Сингапурдан озсақ болды деді ме, басқа ма, бұл жағы белгісіз. Бұрынғы «одақтас» көршілерден Өзбекстан біздің елден бір саты алда. Меніңше, өзбек елінде сәл де болсын саяси жылымық жүрді. Соның нәтижесі болса керек. Ресей де бізден алдыда тұр. 149-орын тиіпті. Қырғызстан болса, аталған үш елден бірнеше қыр асып кеткенге ұқсайды: 82-орын. Бұл жағынан Украинадан да алда. Түрікменстан әлі Солтүстік Кореяның «көршісі».

БАҚ бостандығы бойынша 1-орынға Норвегия орналасқан. Үштікке кіргендердің барлығы Еуропа елдері. Ямайка, Коста­-Рика елдері бұл жолы да ондықта. Әрі алдыға жылжыған.

БАҚ еркіндігі қандай болса, қоғамы да сондай. Бұл демократияның деңгейін айқындайтын маңызды өлшем.

 Құрманғали Нұрғали, журналист

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0