25-наурыз. Turaninform. БҰҰ ақпаратына сәйкес, World Happiness Report тізімінде елімізге 43-орын тиген. Осылайша, Бақыт рейтингінде, түркі елдері бойынша алғанда, Қазақстан 1-орында. Өзбекстан өкше басып (53) тұр, ал, үшіншіге Қырғыз Республикасы (75) орналасқан. 94-орында тұрған Түркие төртінші, Әзірбайжан (106) болса, соңғы орында. Тізімде Түрікменстан жоқ. Жабық елдің билігі жабырқатар нәтиже шығады деген болар…
Рейтинг бірнеше өлшемдер негізінде түзілген. Мұның ішінде адамның бақыт туралы жеке көзқарасы, сол елдің ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы көрсеткіші, қолжетімді әлеуметтік қолдау, жемқорлық т.б. бар)
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР