28-сәуір. Turaninform. Қ. Нұрғали. Жер жүзіндегі елдер COVID-19 ауруын қашан жеңетіні туралы жарияланды. Сингапурдің ddi.sutd.edu.sg сайты жариялаған материалда әлем елдері 99% емделіп шығатын деңгейге 16-маусымда жетеді екен. Болжамға сәйкес, Қазақстан да сол уақытта 99%-ға шығады. Тамызда еліміз 100%-ға жетпек. Қазірде әлемдегі коронавирус жұқтырған адамдардың шамамен үштен бірі тиесілі болып отырған АҚШ 26-мамырда-ақ 99%-ға жететін көрінеді. Ал, 100%-ға 4-қыркүйекке сәйкеспек. Әрине, мұның барлығы болжам. Бұған қарама-қарсы, ұшындыра жазылған, айтылып жатқан болжамдар да бар…
Әзірге, емделіп шыққандарының саны 90%-дан асып кеткен ел Қытай ғана. Әрі бұл вирус әлемнің басқа елдеріне осы мемлекеттен тарады делінеді.
COVID-19 ауруы әлемдік экономикаға орасан зор зиян тигізді. Әлемнің 170 мемлекетінде жан басына шаққандағы табыс төмендейтіні болжанып отыр.
Фото сингапурлық сайттан скриншотталды
ПІКІРЛЕР