Алматы облысы бас санитары: Басты қатырмаңдар!

Алматы облысы бас санитары: Басты қатырмаңдар!

13-тамыз. Turaninform. Кеше Алматы облысының Бас санитары болып тағайындалған Ерғали Сыдымановпен сол күні “Хабиби” СО-ының кәсіпкерлері мен өкілдері кездесіп азық-түліктік емес орындардың жұмыс істеуіне рұқсат беруді талап еткен екен. Сол кездесу барысында бас санитар дөрекі жауап бергені бейнетаспаға түсіп қалған. Бас санитар онда: “Мен не, бірінші рет тұрмысқа шығып тұрмын ба?!”, “Басты қатырмаңдар!” деген секілді көшенің “көркем тілінде” сайрап тұр.

Осыған орай, ҚР денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қызметтік тексеріс басталған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік тарапынан да бұл оқиғаға байланысты жауап берілді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0