Алматыға Қытайдың Аңхой провинциясының өкілдері келіп, экономикалық ынтымақтастық орнату жөнінде үлкен форум өтті. Аңхой қаласы Алматыға ынтымақтастық орнатуды ұсынып отырған Қытайдағы провинцияларының бірі. Жиында экономикалық алыс-беріс жағы ғана сөз болмай, туризмді дамыту мәселесі де талқыланды. Осыдан екі жыл бұрын Аңхой привинциясы ресейлік туристерді тарту үшін үлкен жұмыс істепті. Демалыс күндері Мәскеуден провинцияның астанасы – Хэфэй қаласына ұшып баратын арнайы рейс ашылған. “Алматыдан Хэфэй қалсына тікелей ұшатын мұндай рейстерді ашу ойда бар” – дейді, іс-шара басындағылар. Аңхой провинциясы мен Алматының табиғаты да ұқсас. Екеуі де таулы жерде орналасқан. Алматы Алатаудың бөктерінде орналасса, Аңхойда атақты Хуаншан таулары бар. Хуаншан – қытайшадан аударғанда «Сары тау» деген мағына береді екен. Алатау мен Сарытаудың аты ұқсас. Аңқой сонымен бірге Қытайдағы ең үлкен шай провинциясы саналады. Қазақтың шәйқұмарлығы барын ескерсек, әсіресе шәй саудасы күшейетіні анық болашақта. Мұнда шәйдің екі сұрпы өседі. Шәй бақшалары Янцзы өзенінің бойын түгел алып жатыр екен. Қонақтар оның дәмін татып та көрді. Осы жиында. Сөз алған Аңхой провинциясы губернаторының орынбасары, делегацияны бастап келген Су Ен мырзаның айтуынша, олар осы кездесу ынтымақтастықты тереңдете түседі деп үлкен мән беріп отыр екен. «Ұлы Жібек жолы» кезінде өңірдегі елдердің экономикасына жан беріп, соның арқасында талай ел дамудың жаңа сатысына шығып, алыс-беріс тоқтамаған ғой.
Шараға қатысушылар: бұл кездесу сол «Ұлы жібек жолының» жаңа форматы, жаңарған жолына айналады деген ойда. Екі елдің бизнесмендері де өзара қарым-қатынасты дамытуға пейілді. Сондықтан мұндай іскерлік форум екіжақты қарым-қатынасты дамытуға келешекте жаңа серпін бермекші. Жиынның соңына қарай екі жақтың делегациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы үлкен байланыстың іргетасын қалады.
ПІКІРЛЕР