25-қараша. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаев бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс өткен ХХ құрылтайына қатысты. Сонда сөйлеген сөзіне қарағанда, бюджет қызметкерлері – дәрігерлердің жалақысы 2023-жылға қарай 2,5 есе көтерілмек. Ал, мұғалімдердің жалақысы 2 есе өседі екен.
Сонымен қатар, алдағы уақытта студенттердің стипендиясы да 2 есеге артпақ. Әрі қарай білім мен ғылым қуған магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге дейін өсетіні айтылды.
Фото: akorda.kz
ПІКІРЛЕР