12-қаңтар. Turaninform. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының қорытындыларын жарияланды. Соған сәйкес, «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 дауыс немесе 71,09%, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 дауыс немесе 10,95%, Қазақстан Халық партиясы – 659 019 дауыс немесе 9,1% алып Мәжіліске өтті. Қалған саяси партиялар – «Ауыл» мен «ADAL» тиісті 7%-тен аса алмаған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының орны үш партия арасында бөлінді:
«Nur Otan» – 76 мандат;
«Ақ жол» – 12 мандат;
ҚХП – 10 мандат.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР