10-мамыр. Turaninform. Әлем бойынша ұялы телефондардың сатылым санынан бірінші орында Samsung тұр. Биылғы бірінші тоқсанда аталған компанияның телефонына әлемдік нарықтың 21,8%-ы тиесілі болған. Екінші орында Apple. Бұл компанияның әлемдік телефон сатылымындағы үлесі – 16%. Xiaomi үштекті жауып тұр. Есепке салсақ, үшеуі дүниежүзілік ұялы телефон нарығының жартысынан астамына ие болып отыр.
Бірінші тоқсанда әлем бойынша 345, 5 миллион ұялы телефон сатылған. Былтырғы уақытпен салыстырғанда артыпты.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР