19-маусым. Turaninform. Былтыр денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы орташа жалақы 175 484 теңге болған. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 40 мыңдай теңгеге аз. Дегенмен мұның алдында ҚР Денсаулық сақтау министрі биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың, ал, орта медициналық қызметкерлердікі 173 000 теңге болатынын мәлім еткен еді.
Дегенмен бүкіл ел бойынша бұл салада мыңдаған медицина қызметкерлері жетіспейді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР