Қ. Тоқаев: Ал, шын мәнінде, ештеңе істелмеген

Қ. Тоқаев: Ал, шын мәнінде, ештеңе істелмеген

4-қараша. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаев Павлодар облысының Екібастұз қаласында моноқалаларды дамыту жөнінде республикалық кеңес өткізді. Кеңес барысында елдегі тұтастай әлеуметтік-экономикалық жағдай да қозғалды. Мәселен, азық-түлік бағасы, инфляцияға қатысты былай деді:

– Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайызды құрады. Егін жинау науқаны аяқталғанымен, көкөністердің бағасы шарықтап тұр. Басқа да азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттап барады. Менің тапсырмам бойынша делдалдық әрекеттерді анықтау жөніндегі аймақтық комиссиялар құрылды. Ал, шын мәнінде, ештеңе істелмеген. Нәтижесін мен де, халық та көріп отырған жоқ.

Осылай дей келе, Президент Әкімшілігіне мәселені зерттеуді тапсырды.

Бірнеше ай бұрын картоп, сәбіз бағасы бірнеше жүз теңгеге қымбаттап кеткені мәлім. Қазіргі күні содан түссе де, былтырғы маусымдық бағасымен салыстырғанда, қымбаттау. Бұдан бөлек басқа да азық-түлік тауарларының бағасы өсіп кетті.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0