ІІМ ТМД-дан қылмыстық автокөліктерді “импорттау” әдістерін айтып берді

ІІМ ТМД-дан қылмыстық автокөліктерді “импорттау” әдістерін айтып берді

 ІІМ ТМД елдерінен қылмыстық автокөліктерді “импорттау” схемалары туралы айтып берді, – деп хабарлайды, аталған министрліктің Баспасөз қызметі. 2019 жылдан бастап 2021 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД елдерінде ұрланған 231 автокөлік табылды. ТМД елдерінен қылмыстық автокөліктерді импорттау фактілері кездеседі. Осы орайда, қылмыскерлер келесі схемаларды пайдаланады. Мысалы, олар автокөлікті сатып алады да, белгісіз біреулерге рәсімдеп, соның атынан лизинг немесе несие алады. Алғашқы бір-екі айда несиенің ақшасын төлейді. Бұдан соң автокөлікті Қазақстан аумағына шығарады. Бұл ретте автокөлік еш жерде іздеуде көрсетілмейді. Сосын да шекарадан кедергісіз өткізіледі. Ал одан кейін ол автокөлікті қайтадан сатады және ресми түрде еліміздің азаматтарына рәсімделеді. Осыдан кейін олар лизинг немесе несие үшін тиісті ай сайынғы ақысын төлеуді тоқтатады. Несиесі төленбей жатқан соң, лизингтік компаниялар автокөліктерді іздей бастайды. Полицияға арыз береді, одан әрі қылмыстық іздеуге жариялайды. Сондай-ақ, тағы бір жиі кездесетін схемалардың бірі – қылмыскер автокөлікті алдын ала ұзақ мерзімге жалға алып, сосын оны ҚР азаматтарына нарықтық бағадан төмен бағамен қайта сатып жібереді. Аренданың мерзімі біткен кезде ғана автокөліктерін таба алмай қалған жалға берушілер полицияға жүгінеді.

 “Криминалдық” тарихы бар автокөліктерді сатып алудан сақтану үшін автомобильді басқа елден сатып алған кезде оны тиісті тексерулер жүргізілетін уәкілетті органда тіркеу есебінен шығару керек. Кейіннен оны Қазақстан аумағында тіркеуді ұсынамыз.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0