Полиция майоры 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Полиция майоры 4 жылға бас бостандығынан айрылды

18-қыркүйек. Turaninform. Астанада полиция майоры автокөлікті жалға беретін компания өкілімен танысады. Содан ол көңілдесінің иелігіндегі  көліктерге, жол-көлік оқиғасын бұзғаны үшін, жазылған айыппұлдарды қатысы жоқ басқа адамдарға таңған. Басаяғы “Сергек” арқылы тіркелген 234 айыппұлды бөтен біреулерге аудара салған. Белден басқаны сонша, бір жәбірленушінің басына 59 әкімшілік айыппұлды іліп жіберген екен! Ал, бұл уақытта оның көлігі Павлодарда қозғалыссыз тұрған.
Осылайша, қызметтін асыра пайдаланған 30 жастағы әйел полиция айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Әрі атағын да алып қойды. Оның келтірген шығыны 3 681 874 тг делінген. Сонымен қатар, адамдардың да құқығын бұзды.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0