5-мамыр. Turaninform. Еуропалық Одақ Ресей мұнайына эмбарго жариялады. Әрине, бірден емес. Мәселен, Словакия, Венгрия 20 айдың ішінде Ресей мұнайына тәуелділіктен құтылуы тиіс. Ал, қалған мемлекеттерге жарты жыл уақыт берілген, яғни әрі қарай сатып ала алмайды. Сонымен қатар, ЕО жыл соңына дейін ресейлік мұнай өнімдерінен де бас тартады.
Ресейдің мұнай және соның өнімдері экспортында ЕО-ның үлесі үлкен. Шамамен 60%-ті қамтиды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР