Еуропалық елдер Ресей танкерлерін тәркілейтінін мәлімдеді

Еуропалық елдер Ресей танкерлерін тәркілейтінін мәлімдеді

29-қаңтар. Turaninform. Он төрт Еуропа мемлекеті – Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Эстония, Нидерланды, Исландия, Литва, Латвия, Норвегия, Польша, Франция, Швеция, Германия, Финляндия және Дания, Ресейдің “көлеңкелі флотына” тиесілі мұнай танкерлерін Солтүстік және Балтық теңізінен байқаса, ұстауы мүмкін екенін ескертті. Ұлыбритания билігі санкциядағы танкерді жәй ұстап қана қоймай, ішіндегі мұнайын сатып, ақшасын Украинаға беруді де қозғады. Өткен аптада ғана Франция РФ-ның заңсыз жүрген танкерін тәркілеген еді. Соңғы бір жылда 250 ресейлік танкер санкцияға ұшыраған. Соның нәтижесінде, Кремльдің мұнайдан көретін табысы 25%-ға азайған делінеді.

Дегенмен Ресейдің “көлеңкелі флотындағы” танкерлер саны әжептәуір. Тоғыз жүзді төңіректейтін көрінеді. Әрі мұнай экспортының 80%-ын сол флот жауып отыр.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0