17-мамыр. Turaninform. АҚШ және Канада тұрғындарының 69%-і жүз жасқа дейін өмір сүруді қалайды екен. Бұл туралы Edward Jones, Age old компанияларының зерттеуіне сүйеніп, “Voice of America” хабарлады.
Солардың ішінде 35%-і ұзақ өмір сүргісі келуінің себебін жанұя және достарына көбірек уақыт бөлумен байланыстырыпты. 23%-і рахат ғұмыр кешіп жатқанын, сондықтан әрі қарай жалғастыруға кетәрі емес екенін білдірген.
Ұзақ өмір сүруге ұмтылуының сырын өлімнен қорқумен байланыстырғандар да шығыпты. Дегенмен олардың үлесі көп емес: 6%.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР