«Қазатомөнеркәсіп»ҰАК»АҚ (бұданәрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе«Компания») Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов Нұр-Сұлтан қаласында Cameco Corporation канадалық уран компаниясының Президенті – Басатқарушы директоры Тим Гитцелмен (Tim Gitzel) кездесті. Кездесу Cameco мен Қазатомөнеркәсіптің атом саласындағы әріптестігінің түрлі аспектілерін қарастыруға арналды.
Екі компанияның басшылары табиғи уранды«Инкай»БКдан Батыс нарықтарына Қазатомөнеркәсіптің Каспий теңізі арқылы көлік бағыты бойынша тасымалдаудың негізгі мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның Түркістан облысында уран өндірумен шұғылданатын «Инкай»БК»ЖШС бірлескен кәсіпорнының жетістіктері мен даму болашағын талқылады.
Кездесу барысында басқа да мәселелер, атап айтқанда, Қазатомөнеркәсіптің Шығыс ҚазақстандағыҮлбі металлургия зауытында («ҮМЗ»АҚ) уранды аффинаждаудың жаңа технологиясын енгізу үшін ықтимал инвестицияларды бағалау жөніндегі жұмыстарының барысы талқыланды. Жоба іске асырылған жағдайда, қол жеткізілген келісімдер шеңберінде Қазатомөнеркәсіпке 2020 жылы берілген Cameco-ның лицензияланған технологиясы пайдаланылатын болады.
Сондай-ақ, Мәжит Шәріпов пен Тим Гитцел Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің (бұданәрі–Кеңес) теңтөрағалары ретінде 2022 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кеңестің 5-ші отырысын өткізу мәселелерін пысықтады. Диалог алаңы екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қосымша серпін береді.
Қазатомөнеркәсіп GR және PR департаменті
ПІКІРЛЕР