Батыс Қазақстан облысында «EcoJer» зерттеу жұмыстарын бастады

Батыс Қазақстан облысында «EcoJer» зерттеу жұмыстарын бастады

Батыс Қазақстан облысында «EcoJer» аймақтық экологиялық бастамалары қазақстандық қауымдастығы Батыс өңірі бойынша филиалының қолдауымен киіктерді тұрақты пайдалану бойынша зерттеу жұмыстары басталды.

Осы тақырыпқа арналған басқосуда «Батыс Қазақстан экологиялық-географиялық қоғамы» (БҚЭГҚ) қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Дархан Сариев киіктердің Орал популяциясының жайылымдарын зерттеп бастаған бір топ ғалымдарды таныстырды.

«Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясы мен Германияның табиғатты және биоалуантүрлілікті қорғау одағы (NABU) сарапшылары Әділбек Қозыбақов, Тиль Дитерих және Штефан Михель далалық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері туралы мәлімдеді.

«Біздің тобымыз екі апта бойы Батыс Қазақстан облысы Казталов және Жәнібек аудандарының аумақтарында далалық экспедицияда жұмыс жүргізді. Келесіеківегетациялықмерзімдеботаникалықбақылаужасауүшіналтыучаскебелгіленіп, өсімдікқоректіжануарларданқоршауғаалынды. Осы учаскелердегіфлораныңтүрлікқұрамы, «тірі» жәнеқұрғақ биомасса өлшемдерініңнәтижелеріжәнеқоршауғаалынбағанучаскелердегідәлосындайкөрсеткіштеріменсалыстырмалысараптаубойыншатиістітұжырымжасалып, киіктердібасқарубойыншағылыминегізделгенұсыныстарберіледі», -дедіNABU сарапшысы Тиль Дитерих.

NABU-дің және бір сарапшысы Штефан Михель экспедиция барысында кездестірілген киік топтарының жыныстық-жастық құрамын анықтау бойынша жұмыс туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл болашақта, киіктерді аулауға мораторий аяқталған соң, текелердің шектеулі санын популяцияға зиянын тигізбей аулау мақсатында ересек және жас текелерді анық ажырату үшін керек екен.

«Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы, «EcoJer» қауымдастығы аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов журналистердің назарын экспедиция жұмысының келесі компоненті – жергілікті қоғамдастықтарға сауалнама өткізілуіне аударды.

«Жергілікті тұрғындарды сауалнамамен қамту үшін біз арнайы анкета жасадық. Сұрақтаржергіліктіжағдайлардыңерекшеліктерінескереотырыпжәнеқарапайымшаруаларүшінтүсініктітілдеқұрастырылды. Осылайшабізкиіктердіңжанындаөмірсүріпжатқанадамдардыңпікірлері мен ұсынымдарынжинадық, яғниолардыңкөзқарастарығалымдар мен шенеуніктергекиіктердің Орал популяциясынтұрақтыбасқаруүшінқажетшешімдердіқабылдауғакөмектесуімүмкін», -дедіӘділбек Қозыбақов.

Сарапшылар Қазақстан Республикасының Үкіметі жиырма жыл ішінде киіктерді тек қана жойылудан құтқарып қана қоймай, Орал популяциясының санын жоғары деңгейге жеткізгенін атап өтіп, бұл жағдай еліміз үшін әлемдік табиғатты қорғау қоғамдастығының алдында мақтануға лайықты деген ортақ пікірін білдірді. Алайда, киіктерді жергілікті халықтың мүдделерін ескере отырып, тұрақты пайдаланып бастауға уақыт келді деген қорытынды жасалды.

Спикерлер мен баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар биыл ғана құрылған «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватына ғылыми-зерттеу қызметіндегі ынтымақтастықтың сәтті басталғаны үшін және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жаунарлар дүниесі комитетіне, «ӨБ «Охотзоопром» РМК мен «EcoJer» аймақтық экологиялық бастамалары қазақстандық қауымдастығының Батыс өңірі бойынша филиалына көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты.

Өз пікірлерімен Батыс-Қазақстан облыстық экологиялық кеңесінің мүшесі Шынболат Курумбаев, «Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы облыстық филиалының басшысы Алик Кубеев, сонымен қатар 2012 мен 2018 жылдары аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы киіктер питомнигінің меңгерушісі болған биология ғылымдарының кандидаты Бибігүл Сарсенова да бөлісті.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0